Қазақстан-хорват қатынастары

Қазақстан-хорват қатынастары
(анықтама)

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 20 қазан – Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1995-1997 жж. Алматы қ. ХР Шаруашылық Палатасының өкілі, УСӨ К.Хромин басшылығымен ХР Елшілігі қызмет етті.

2001 ж. Умаг қ. ҚР Құрметті консулы Л.Живан тағайындалды.

2003 ж. Загребте ҚР Консулдығы ашылды.

2008 ж. 1 қаңтарда – Хорватияда ҚР Елшілігін ашу туралы ҚР Президентінің Жарғысы жарияланды.

2009 ж. қыркүйектен 2012 ж мамыр айында дейін Хорватиядағы ҚР Уақытша Сенімді Өкілі Е.Хозеұлы болды.

2012 ж. ақпаннан бастап ХР Түркиядағы Елшісі Д.Храстич қосымша ҚР-дағы Хорватияның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады (қосымша Ауғанстандағы, Әзербайжандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы ХР Елшісі).

2012 ж. 30 қарашада Хорватиядағы ҚР УСӨ болып Т.Барлыбаев тағайындалды.

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстан-хорват қатынастарының дамуы үшін түрлі деңгейлердегі жиі кездесулер және жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогты қолдау үлкен маңызға ие.

Жоғары деңгейдегі сапарлар.

2001 жылы 18-20 шілдеде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Хорватия Республикасына бірінші ресми сапары өтіп, оның шеңберінде Президент С.Месичпен, Премьер-министр И.Рачанмен, Хорватия Саборы (Парламент) басшылығымен кездесулері өтті.

Сапар нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасында өзара қарым-қатынастардың негізі туралы Декларацияға, екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер туралы Меморандумға қол қойылды.

2002 ж. 18-21 сәуірде ХР Президенті С.Месичтің ҚР-ға жауап сапары өтіп, оның шеңберінде жоғары деңгейдегі кездесулер, сонымен қатар, ҚР үкіметі мен парламенті басшылығымен келіссөздер өткізілді.

Сапар барысында ҚР мен ХР арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімге және ҚР Сауда-Өнеркәсіп Палаталар Одағы мен Хорват Шаруашылық Палатасы арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

2006 ж. 10-11 қаңтарда ХР Президенті С.Месич Астанаға Президент Н.Назарбаевтың инаугурациясы салтанатына қатысу үшін келді.

2006 ж. 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Хорватия Республикасына екінші ресми сапары өтті.

Сапар шеңберінде Елбасының Хорватия Президенті С.Месичпен кіші және ұлғайтылған құрамдағы кездесулері, сондай-ақ Хорватия Премьер-министрі И.Санадермен келіссөздері өтті.

Сапар қорытындысы бойынша Жолаушыларды және жүктерді халықаралық автокөліктік тасымалдау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне қолдау көрсету туралы Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

2007 ж. шілдеде Хорватия Президенті С.Месичтің Астанаға жұмыс сапары өтті. Оның ҚР Елбасымен, Парламент басшылығымен, Премьер-министрімен және «Қазына» ТДҚ» АҚ Президентімен кездесулері өткізілді.

Сапар барысында Ұйымдасқан қылмыс, есірткі және есуастандырғыш тәсілдердің заңсыз айналымы, лаңкестік пен қауіпті қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күресте ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

2009 ж. 12 қазанда Хорватия Президенті Канцеляриясының Басшысы Х.Свитанович Астанаға жұмыс сапарымен келді. ҚР ПӘ басшысының орынбасары Б.Байбекпен кездесу өтіп, оған 2010 ж. ресми сапармен Хорватияға келу туралы Елбасының атына Хорватия Президенті С.Месичтің шақыру хаты тапсырылды.

2010 ж. 8 мамырда Мәскеуде Жеңіс Күнінің 65-жылдығын тойлау шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жаңа сайланған Хорватия Президенті И.Йосиповичпен кездесуі өтті. Елбасы Хорватия Президентін Астанаға сапармен келуге шақырды.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Хорватия Президенті И.Йосипович ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. ЕҚЫҰ Саммиті шеңберінде Қазақстан мен Хорватия Президенттерінің екіжақты кездесулері өтті.

2011 ж. 3-4 мамырда Хорватия экс-Президенті С.Месич хорват бизнесмендері тобымен бірге Астанаға сапармен келді және ІV Астана Экономикалық Форумына қатысты. Форум шеңберінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың С.Месичпен кездесуі өтті.

2012 ж. 28-29 қарашада Хорватия экс-Президенті С.Месич хорват бизнесмендері тобымен бірге Астанаға келді және «Назарбаев оқулары – Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» бірінші Халықаралық форумына қатысты.

2013 ж. 22-24 мамырда Хорватия экс-Президенті С.Месич VІ Астана Экономикалық Форумына және ҚР ордасында болатын Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясына қатысуға ниет білдіріп отыр.

22-24 мая 2013 г. экс-Президент Хорватии С.Месич намерен принять участие в VI Астанинском Экономическом Форуме и Всемирной антикризисной конференции в столице РК.

Үкімет басшылары деңгейіндегі сапарлар.

2006 ж. қазанда ХР Премьер-министрінің орынбасары Д.Поланчецтің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты талқылау мақсатында Қазақстан Республикасына сапары өтті.

Визиты на уровне министров иностранных дел.

2008 ж. 18-19 қыркүйекте Загребте ҚР мен ХР арасында сімаралық кеңестер өткізілді. Қазақстан тарапын Қазақтан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбай өкілдік етті.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Хорватия Республикасы Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрлігі арасында кеңестер туралы Меморандумға қол қойылды.

2008 ж. 2 желоқсанда Афинада ЕҚЫҰ 18-ші СІМК шеңберінде ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Хорватия Сыртқы істер министрі Г.Яндроковичпен кездесуі өтті. Хорват тарапы ҚР сыртқы саяси бастамаларына қолдауын білдірді, атап айтқанда 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу идеясын қолдады.

2012 ж. 17 қазанда ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.С.Жошыбаевтың Хорватияға сапары өтті. ХР СЕІМ бірінші орынбасары И.Клисовичпен келіссөздер барысында келісім-шарт – құқықтық базаны жетілдіру мәселелері және саяси, сауда-экономикалық пен гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін еліміздің бас қаласы Астанада өткізу құқығына Қазақстанның өтінімімен таныстырды және хорват тарапының қолдау уәдесін алды.

Келісім-шарт – құқықтық база

2001 жылдан бері Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасында 6 екіжақты құжаттарғақол қойылып, күшіне енді:

  • Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынастар негізі туралы Декларация (2001);
  • ҚР Үкіметі мен ХР Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктерді халықаралық автокөліктік тасымалдау туралы Келісім (2006);
  • ҚР Үкіметі мен ХР Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі және есуастандырғыш тәсілдердің заңсыз айналымы, лаңкестік пен қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күресте ынтымақтастық туралы Келісім (2011);
  • ҚР Үкіметі мен ХР Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерінің визалардан босатылуы туралы Келісім (2009);
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ХР Сыртқы және еуропалық істер министрлігі арасындағы кеңестер туралы Меморандум (2008);
  • ҚР Сауда-өнеркәсіптік палаталары одағы мен Хорват Шаруашылық палатасы арасында ынтымақтастық туралы Келісім (2002).

Қазіргі таңда ҚР Үкіметі мен ХР Үкімет арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салықтарға қатысты салықтарды төлеуден жалтаруды алдын алу туралы Келісім келісіліп, қол қоюға дайын.

Келісу үстінде келесі 5 екіжақты құжаттар бар:

  • ҚР Үкіметі мен ХР Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім (ҚР меморгандарының қарауында);
  • ҚР Үкіметі мен ХР Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы Келісім (ҚР меморгандарының қарауында).
  • ҚР Үкіметі мен ХР Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы Келісім (ҚР меморгандарының қарауында);
  • ҚР Туризм және спорт министрлігі мен ХР Туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім (хорват тарапының қарауында);
  • ХР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум (ҚР меморгандарының қарауында);

Сонымен бірге, хорват тарапы ҚР Мұнай және газ министрлігі мен Хорватия Экономика, еңбек және кәсіпкерлік министрлігі арасындағы энергетикалық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою туралы мәселені қайта көтеруді көздеп отыр. (2011 ж. басында хорват тарапы ҚР қарауына энергетикалық ынтымақтастық туралы Келісімнің жобасын ұсынды. Келісімге қол қоюдың ертелігі туралы ҚР СІМ жауабы келіп түсті (23.12.2011ж. №09-2/1659).

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, 2012 жылы Қазақстан мен Хорватия арасындағы сауда айналымы былтырғы жылғы көрсеткіштерге қарағанда 2 еседен көпке өсті және 158,5 млн. АҚШ долларын құрады (ҚР экспорты – 140,6 млн. доллар, ҚР импорты – 17,8 млн. доллар).

ҚР мен Хорватия арасындағы 2011 жылғы сауда айналымы 74,8 млн. долларды құрады, 2010 ж. -36,3 млн. доллар, 2009 г. – 120 млн. доллар. 2010-2011 жж. өзара сауданың азаюы әлемдік қаржылық дағдарыстың теріс салдарымен байланысты.

Өзара сауданың құрамының 90% (140,3 млн. доллар) қазақстандық минерал өнімдерінің – Хорватияға отын-энергетикалық тауарларды экспорттауға түсіп отыр. ҚР сонымен қатар Хорватияға химия өнеркәсібінің өнімдерін, текстиль және текстиль өнімдерін экспорттайды.

ҚР-ға хорват экспорты мал және өсімдік тегі өнімдері, химия өнеркәсібінің өнімдері, аяқ киім және галантереялық тауарлар, құрылыс материалдар, металдар және олардан өнімдер, машина және құралғылардан құрайды.

2001 жылдан бері жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогтың болуы іскерлік байланыстардың дамуына, сондай-ақ бірқатар хорват компанияларының қазақстандық нарыққа шығуына маңызды түрткі болды.

2008-2009 жж. Қазақстанда «Далековод» компаниясының қатысуымен 80 млн. долларға ірі жоба іске қосылды (390 км. ұзақтығымен Ағадыр – ОҚГТЭС учаскесін, «Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі транзитімен электр берудің екінші желісін салу» жобасы шеңберінде Солтүстік-Оңтүстік 500 кВ электр берудің жаңа желісін жобалау, салу және қолданысқа енгізу).

«Концепт 90» компаниясы ҚР Теннис федерациясымен бірге бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, компания Алматы қ. теннис орталығы мен Астана қ. футбол алаңын салу жұмыстарын атқарып, қолданысқа енгізді.

«Плива» компаниясы он жылдан аса ҚР-да фармацевтикалық, химиялық және азық-түлік өнімдерін сату саласында қызмет етуде.

«Подравка» компаниясы тамақ өнімдерін сату саласында жұмыс істейді. ҚР-да компанияны «Кисе» ерекше құқығы бар дистрибьютер өкілдік етеді.

«Гидроэлектржоба» компаниясы Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің объектілерін дайындауға қатысу мүмкіндігін пысықтауда.

Сонымен қатар, хорват компанияларының бірқатарынан («Ингра», «Ина», «Кончар», «Ульяник» және т.б.) энергетика, кеме салу, құрылыс, машина жасау салаларында ынтымақтастық бойынша ұсыныстар келіп түсті.

Сонымен бірге, қазіргі таңда қазақстандық компанияларының хорват нарығында қызмет етуі іс жүзінде жоқ. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Хорватияға сапарларын дайындау дайындау шеңберінде (2001, 2006) қазақстандық бизнестің ОЭК объектілерін жекешелендіруге қатысу, атап айтқанда «Ядран Нафтовод» және «Ина» компанияларымен ынтымақтастық мүмкіндігі пысықталды. Алайда, бірқатар себептерге байланысты аталған жобалар жүзеге асырылмады.

Айта кететін жайт, соңғы жылдары ХР-ға энерготасымалдаушыларды жеткізу бойынша Әзербайжан алдыңғы қатарлы болып келеді (2012 жылы ӘР экспорты 300 млн. доллар – Хорватияның жалпы мұнай импорты көлемінің 30% құрады). Хорватияның және Балканның энергетикалық нарығына ресей мұнайгаз компаниялары белсенді келуде.

ЕО нарығына мұнайды тасымалдау үшін мұнай құбырларының және Риека, Омишаль теңіз порттарының интеграция жобаларына ҚР-дың ықтимал қатысуы үлкен қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, туризм, фармацевтика, құрылыс, ауыш-шаруашылығы және ағаш өңдеу өндірісі, шарап өнімдерін шығару және жеткізу салаларында ынтымақтастықты дамытудың перспективасы бар.

Аймақаралық ынтымақтастық

2008 жылы Қарағанды қ. мен Вараждин қ. арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда Дубровник қ. ҚР Құрметті консулдығын ашу мәселесі пысықталуда.

Хорватиядағы ҚР Елшілігі