Қазақстан Республикасына визаны ресімдеудің жалпы тәртібі

Қазақстан Республикасына визаны ресімдеудің жалпы тәртібі

Шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР-ның аумағына келуі үшін виза қажет егер ҚР-ның халықаралық келісімі бойынша басқа тәртіп орнатылған болмаса.

ҚР-ның визасы шетелдіктердің паспорттарына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттарынажапсырылады және де ҚР-ның аумағына келуіне, болуына, кетуіне немесе Қазақстан арқылы транзитпен өтуіне құқық береді.

ҚР визасын беруге негіз ретінде заңнамаларға сәйкес ресімделген халықаралық мекемелердің, шетелдік өкілеттіктердің, сондай-ақ ҚР мемлекеттік мекемелерінің ҚР СІМ-нің КҚД-не және оның Алматыдағы Өкілеттігіне жазбаша өтініштері болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2010 жылы 14 сәуірде қабылданған № 307 Қаулысына сәйкес, ҚР-мен визасыз барып-келу тәртібі орнатылған мемлекеттердің азаматтары ҚР-на келгенде 30 күннен аспайтын мерзімге тіркеуге тұру қажет.

Кеден Одағына кіретін мемлекеттер азаматары (Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы) ҚР көші-қон полициясында 90 күндік мерзімге тіркеуге тұрады. Одан әрі тіркеу тағы да осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін.

ҚР-ның айналымдағы заңнамаларына сәйкес барлық шетелдік азаматтар Қазақстанға келген соң 5 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркеуге тұруға міндетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 838 қаулысына сәйкес, 2017 ж. 1 қаңтардан бастап Хорватия Республикасының азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз келуге құқығына ие болады.

ҚР СІМ-нің Астана, Алматы, Атырау, Орал, Өскемен қалалары аэропорттарының халықаралық секторларында орналасқан консулдық пунктерде виза ресімдеудің жеңелтілген тәртібі қолданылмайды. Визалар ҚР-на келгенге дейін ресімделуі тиіс.

Visa application Form

Personal Statement

Информация о новых Правилах выдачи виз Республики Казахстан

Тип визы и Консульский сбор