ҚР азаматтары үшін

Уақытша консулдық есепке онлайн тұрғызу


Қазақстан Республикасының Елшілігі Қазақстан Республикасының азаматтарына Хорватия аумағына хорват немесе шенген визасының негізінде кіруге болатынын хабарлайды.

Шенген визасы негізінде Хорватия аумағына кіру және шенген аумағына (Австрия, Германия, Словения және т.б.) қайта шығу қажеттілігі болған жағдайда, паспорттарыңызда көпмәртелік шенген визасы болуы тиіс.

Қазақстан Елшілігі Қазақстан азаматтарына Хорватия аумағына бір мәртелік шенген визасымен кірмеуді ұсынады.

Сұрақтар болса Хорватия Елшілігімен хабарласуға болады: Мәскеу қаласы, Коробейников пер., 16/10, тел.: +7 495 785 40 70; +7 495 785 40 75.


Қазақстан Республикасының азаматтары Босния және Герцеговина аумағына босния визасымен кіре алады. Виза алу үшін Босния және Герцеговинаның Мәскеудегі Елшілігіне хабарласу қажет.


Қазақстан Республикасының азаматтары Черногория аумағына черногориялық визамен кіре алады. Виза алу үшін Черногорияның Мәскеудегі Елшілігіне немесе Астанадағы Болгарияның Елшілігіне хабарласу қажет.

Черногорияға 30 күнге дейін мерзімге баратын Қазақстан Республикасының азаматтары 2016 ж. 1 мамырдан – 31 қазаңға дейін визалық рәсімдеуден босатылатынын хабарлаймыз.


Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Заң

Хорватияда, Черногорияда, Босния және Герцеговинада тұратын Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алу

Консулдық есепке тұру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Анкета (тұрақты тұратындарға – жүктеп алу, уақытша тұратындарға – жүктеп алу);
  2. Жеке мәліметтері бар паспортының, ҚР-нан шығуы туралы шекара қызметінің белгісінің көшірмесі (болған жағдайда ҚР ІІМ көші-қон полициясы басқармасының шығу туралы құжатын ұсыну қажет);
  3. 3 х 4 көлеміндегі фото – 1 дана.

Консулдық есепке тұруды оңтайландыру үшін, сіз жоғарыда аталған толтырылған сауалнаманы адресіне жолдауыңызға болады. Консулдың телефон нөмірі – +385 1 483 93 37, + 385 91 986 36 48.

Аталған консулдық қызмет ақысыз болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алмастыру бойынша АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету туралы АҚПАРАТЫ

Шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстаннан құжаттарды тұратын мекен-жайы бойынша ҚР дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы талап етеді.

Қазақстаннан құжаттарды талап ету мерзімі 3 ай және одан көп болуы ықтимал.

Егер өтініші қанағаттандырылмаған болса, консулдық алымның сомасы қайтарылмайды.

Қазақстаннан құжаттарды талап ету үшін арызданушы ҚР Хорватиядағы Елшілігіне жеке келіп, келесі құжаттарды 3 нұсқада ұсынуы қажет:

  • Арыз – 3 дана (Қосымша №1)
  • Талап ету сауалнамасы – 3 дана (Қосымша №2)
  • Талап етілетін құжаттың көшірмесі (егер бар болса) – 3 дана.
  • Жеке басын куәландыратын құжат – түпнұсқа мен көшірме – 3 дана.
  • Консулдық алымды төлеу туралы түбіртек (құжаттарды тапсырған соң).

Жеке азаматтардың талап ету туралы келесі өтініштері қанағаттандырылмайды:

  • Егер арызданушы үшіне емес, өзге тұлға үшін сұратылса, азаматтық хал акті туралы қайта куәліктер;
  • Неке бұзылса, неке қию туралы куәліктер (тиісті анықтама берілуі мүмкін);
  • Қайтыс болғандардың туу туралы куәлігі;

Қайтыс болу туралы куәліктер ресми мақсаттарда қайтыс болған адамның туыстары немесе заңды тұлғалар сұрата алады.

16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәліктері ата-анасымен, асырап алушымен, қамқоршымен, жебеушімен және балалар әкімшілігі мекемесімен талап етіле алады. Әскери билеттер мен қызметтік куәліктердің түпнұсқасы мен көшірмелері талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігін алу туралы ақпарат

  1. Ата-анасынан арыз, ҚР азаматтарынан туу туралы куәлікті беру туралы арызы баланың Хорватияда, Черногорияда, Босния және Герцеговинада туғаннан 2 айдан аспаған мерзімде берілуі тиіс.
  2. Ауруханадан берілген құжаттарды ұсыну, орыс немесе қазақ тіліне ресми түрде аударылуы тиіс;
  3. Баланың фотосуреті 2 дана, мөлшері 3,5х4,5;
  4. Туу туралы куәлік үшін сауалнаманы толтыру;
  5. Ата-анасының паспорттарының көшірмелері.
  6. Неке қию туралы куәлік көшірмесі;
  7. Өзге балаларының туу туралы куәліктерінің  көшірмелері;
  8. Консулдық алым төлемі (құжаттарды тапсырған соң)

Туу туралы куәлік 3 -5 күн ішінде беріледі.

Об оставлении на ПМЖ

Для оформления ходатайства об оставлении на ПМЖ в Республике Хорватия гражданам Республики Казахстан, необходимо лично обратиться в Консульский отдел Посольства, предоставив оригиналы и копии (в трех экземплярах) следующих документов:

  1. Заявление – анкета;
  2. Заявление на имя Консула РК на оформление ходатайства о разрешении на оставление на ПМЖ в Хорватии (распечатать);
  3. Удостоверение личности гражданина Республики Казахстан (оригинал + копия);
  4. Национальный паспорт Республики Казахстан;
  5. Свидетельство о рождении заявителя;
  6. Свидетельство о заключении брака (+ о расторжении брака, если было заключено несколько браков);
  7. Свидетельство о рождении детей до 16 лет заявителя;
  8. Фотографии 3,5 х 4,5 – 4 шт.;
  9. Подробная автобиография;
  10. Документы об образовании (аттестат, диплом и т.п.);
  11. Нотариально удостоверенное заявление от лиц, проживающих в РК, и имеющих по закону право на получение от выезжающих алиментов и других материальных претензий (родители, бывшие супруги, если имеются несовершеннолетние дети от совместного брака и т.д.) об отсутствии у них возражений на выезд на ПМЖ. Если заявитель по каким-либо причинам не может получить такие заявления, вопрос решается в судебном порядке;
  12. Справка с последнего места работы об отсутствии материальных и иных претензий к данному работнику;
  13. Трудовая книжка;
  14. Нотариально удостоверенное согласие детей от 10 до 18 лет на совместный выезд на ПМЖ;
  15. Нотариально удостоверенное согласие второго родителя, проживающего на территории РК, на совместный выезд на ПМЖ с другим родителем (для граждан РК, не достигших 18 лет);
  16. Разрешение хорватских властей на Ваше проживание в Хорватии (действующая виза, вид на жительство иностранца в Хорватии);
  17. Справку из компетентных органов по месту жительства в Хорватии о регистрации/легальном проживании в Хорватии с указанием адреса проживания;
  18. Справку из компетентных органов по месту жительства в Хорватии о том, что Вы не принимали гражданства Хорватии, либо не обращались по этому вопросу;
  19. Консульский сбор в размере 200 евро, оплачивается в филиалах Райффайзенбанка на расчетный счет Посольства после подачи документов в Консульский отдел.

Документы, оформленные и выданные хорватскими компетентными органами, должны быть переведены на русский язык и заверены штампом «Апостиль»!