Елші

MrAslanMussin-ambassadorҚазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші Аслан Есболайұлы Мусин

Туған күні: 2 қаңтар 1954

Туған жері: Ақтөбе облысы

Білімі: Алматы халық шаруашылығы институты (1975)

Отбасылық жағдайы: Үйленген, үш баласы бар

Кәсіби тәжірибесі: Ақтөбе облысының статистика басқармасында компьютерлік орталығының экономисті, басқарма басшысы болып бастаған. 1979 жылдан 1991 жылға дейін Қазақстанның партиялық қызметтерінде жұмыс істеді. 1991 жылдан 1995 жылға дейін Ақтөбе облысының жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік қызметті шектеу аумақтық комитетінің төрағасы, Ақтобе облысының экономика басқармасының басшысы, Ақтөбе облысы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары қызметін атқарды.

1995-2002 Ақтөбе облысының әкімі
2002 – 2006 Атырау облысының әкімі
2006 – 2007 Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
2007 Қазақстан Республикасы вице-премьер-министрі және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
2007-2008 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
2008-2012 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
2012-2014 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы
2014 – қ.у. Хорватия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі