Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күнінің 25-жылдығына арналған салтанатты қабылдау туралы

14-ші желтоқсанда Хорватиядағы Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күнінің 25-жылдығына арналған салтанатты қабылдау өткізілді. Шараға Хорватияның саяси, іскерлік, қоғамдық, ғылым және мәдениет белсенділері мен жергілікті дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.
Өз құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аслан Мусин соңғы кездегі еліміздегі орын алған жетістіктерлер мен табыстарға көңіл бөлді. Оған қоса, «Нұрлы жол» атты – Қазақстанның жаңа экономиялық Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында ұсынған бастамалары, 2016 жылдың Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы туралы атап өтті.
Қазақстан мен Хорватияның арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіншіліктеріне назар аударды.
Қабылдау кезінде Хорватияның бір қатар қоғам қайраткерлері екі ел арасындағы байланыстарының дамуына қомақты үлес қосқаны үшін марапатқа ие болды.
Алғыс сөзінде Хорватия әріптестері Қазақстанның экономикалық өркендеуіне ерекше тоқтап еліміздің көптеген сыртқы саяси бастамаларын толық қолдайтындарын атап өтті.
Мерекелі кеште жиналған қауымға Қазақстан туралы деректі фильмдер мен Елбасының 2016 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының Хорват тіліндегі кітапшалары таратылды. Сонымен бірге Қазақстанның шетел инвестицияларға жасалған тартылымдылығы туралы насихаттау жұмысы жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік шараларға қатысқан еліміздің бір топ артистері мен әншілері Хорват жұртшылығын Қазақстанның бай ұлттық мәдениетімен таныстырып өтті.

Қазақстан Республикасының
Хорватия Республикасындағы Елшілігі