Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің КХДР-да жасалуы мәлім етілген ядролық сынаққа қатысты мәлімдемесі

2016 жылғы 6 қаңтарда Корей Халық-Демократиялық Республикасы сутек бомбасының сәтті сынағын өткізгені туралы мәлімдеді. Осыған орай, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1718 (2006), 1874 (2009), 2087 (2013) және 2094 (2013) резолюцияларын бұза отырып, КХДР-дың осындай әрекетінің жөнсіздігі және үзілді-кесілді айыптайтыны туралы мәлімдейді.

Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) XIV бабына сәйкес, Жапониямен бірге 9-шы Конференциясының теңтөрағасы болып саналатын, Қазақстан КХДР басшылығының бұл iс-әрекеттері ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау режимін және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша халықаралық қоғамдастықтың күш-жігеріне елеулі залал келтіреді деп есептейді, ЯСЖТШ-тың күшіне енуін қамтамасыз ету жөнінде әлем елдерінің басым көпшілігінің ұмтылысын жоққа шығарады.

Қазақстан ядролық қарудың қасіретін бастан өткерген, өз еркімен ядролық арсеналдардан бас тартқан және 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күні деп жариялаған БҰҰ Бас Ассамблеясы қаулысының қабылдануына бастама білдірген ел ретінде әлемдегі ядролық сынақтарға толық тыйым салынуын қолдайды және Қытай, Ресей, АҚШ, Корея Республикасы мен Жапонияның қатысуымен алтыжақты форматтағы ядролық проблема бойынша келіссөздерді дереу қайта бастауға шақырады.

Қауіпсіздіктің және тұрақты дамудың кепілі ядролық арсенал емес, кеңейтілген өзара тиімді ынтымақтастық, барлық мемлекетаралық қатынастардағы проблемаларды бейбіт келіссөздер арқылы шешу қажет деп сенеміз. Әлемді ядролық қарудан тазарту жаһандық қауіпсіздік кепілі болып табылады, біздің еліміз және 21-ші ғасырда адамзаттың басты мақсаты – ядролық қарусыз әлемді құруға шақырған Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тартуға үндейді.