БҰҰ ҚК Сириядағы қақтығысты реттеу жоспарына қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі

statement-MFA-191215

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 (2015) резолюциясын қабылдауын толығымен құптайды және жалпы халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде Сирияны қолдау жөніндегі халықаралық топтың осы елдегі қантөгіс қақтығысты бейбіт жолмен реттеу бағытындағы шешімді қадамын қолдайды.

Қабылдаған резолюция сириялық дағдарысты шешу жөніндегі нақты іс-әрекеттерге мықты халықаралық-құқықтық негізді құрайды.

Жаңа кезеңде қол жеткізілген келісімдерді егжей-тегжейлі және толық имплементациялау аса маңызға иеленеді.

Қазақстан, сондай-ақ, келешекте терроризмге қарсы тұра алатын әлемдік желінің бөлігіне айналуға мүмкіндігі бар БҰҰ жарғысы негізінде кең ауқымды антитеррористтік фронт құру туралы идеяны қолдайды. Белгілі болатындай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында осындай желіні құру туралы бастама көтерген болатын. Қазақстан осы үдеріске қосылуға өзінің нық дайындығы туралы мәлімдейді.