Хорватиядағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуі туралы

proslavaDanaNezavisnosti-181215-KZҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай Елшілік арнайы қабылдау өткізді.

Салтанатты шараға Хорватия Парламенті Төрағасының орынбасары Ненад Стазич, Хорватияның бұрынғы Президенті Иво Йосипович пен Хорватия мен Босния/Герцеговинаның саяси, іскери, академиялық және қоғамдық топтарының өкілдері қатысты. Қатысушылардың ішінде жергілікті дипломатия корпусының мүшелері, Қазақстанның Хорватия мен Босниядағы Құрметті консулдары мен Черногориядағы қазақ диаспорасының өкілдері болды.

Қазақстан Республикасының Хорватия, Босния мен Герцеговина және Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аслан Мусин Хорват қауымын Қазақ мемлекеттігінің құрылуы тарихы, Қазақ хандығының 550-жылдығы мерекесі мен Қазақстан Республикасының соңғы кезеңдегі халықаралық бастамаларымен (инициативаларымен) таныстырды.

Конференцияға қатысушылардың назарына еліміздегі «Ұлт Жобасының» «100 нақты қадамдары» атты бағдарламасы паш етілді.

Елші тәуелсіздік арқасындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен нәтижелеріне тоқтап, еліміздегі инвестициялық және іскери жағдайдың бизнеске қолайлы екендігін атап өтті.

Қабылдау кезеңінде Хорватия Ислам Орталығының төрағасы – муфтий Азиз Хасанович пен Загреб қаласының мэрі Давор Штерн Нәзір Төреқұлов атындағы медальмен марапатталанып, Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Құрметті консулдары Живан Левая мен Марио Кнегоға еліміздің Тәуелсіздігін 20-жылдығына арналған медальдарі тапсырылды.

Хорватия жұртшылығына Қазақстанның қазіргі кездегі жетістіктері туралы «Алтын қыран Жері» атты хорват тілінде деректі фильм көрсетілді.

Қабылдауға келген қауым еліміздің танымал әуендері мен өлеңдерінең тұратын Қазақстан әртістері дайындаған концертті тамашалады.

Шараның соңында Хорватия, Босния мен Герцеговина және Черногориядаң келген қонақтарға Қазақстанның іскери – инвестициялық мүмкіншіліктері мен экономика және мәдениет саласындағы аспектілер жөніндегі имиджді брошюралар таратылды.

Қазақстан Республикасының Хорватия,
Босния мен Герцеговина және Черногориядағы Елшілігі