Заманауи Қазақстан, тарихтың сабақтары мен жетістіктері

pressRelease-051115

Ү.ж. 5 қарашада Хорватияның Ислам орталығында Елшілік «Заманауи Қазақстан, тарихтың сабақтары мен жетістіктері» атты конференция ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Загребтің ислам қауымдастығы, сыртқы істер министрлігі, Загребте тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Конференцияға Хорватияның 100-ден астам қоғамдық, іскерлік және саяси топтар өкілдері мен тілшілер келді.

Қазақстан Елшісі А.Мусин қазақ мемлекеттігінің маңызды тарихи кезеңдері және 550 – жылдық мерекесі, Қазақстанның саяси және экономикалық бастамалары туралы айтып берді.

Олардың ішінде конференция қатысушыларының назары «10 нақты қадамдардан» құралған «Ұлт Жоспарына» аударылды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Қазақстанның Тәуелсіздік алуы кезеңінде Қазақстанның жетістіктері, іскерлік және инвестициялық ахуалдың жоғары деңгейі, сондай-ақ «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының маңыздылығы туралы жіті ақпарат берді.

А.Мусиннің сөз сөйлеуі барысында Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті туралы презентация өткізілді.

Конференция қатысушылары қазақстандық антиядролық қозғалысы туралы хабарланды. Аудиторияға «АТОМ» жобасы туралы түсіндіріліп, БҰҰ-ның Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнін қабылдауындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың рөлі аталды.

pressRelease-051115-02

Конференция барысында Хорватияның беделді қоғамдық қызметкері, Ислам орталығының төрағасы муфтий Азиз Хасанович сөз сөйледі.

Азиз Хасанович қоғамды хорват делегациясының басшысы ретіндегі қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің маңыздылығы туралы ақпарат берді. Ол Қазақстанның төзімділік пен өркениетаралық диалогты дамытуға бағытталған ғаламдық халықаралық бастамалардың бастаушысы ретіндегі рөлін атап өтті. Ол, Қазақстан халықтары Ассамблеясының елдегі ұлтаралық келісімді қолдаудағы рөлі мен маңыздылығын ерекше атап өтті.

Конференция жұмысы барысында Қазақстанға барған хорват және босниялық қауым өкілдерінің оң бағыттағы пікірлері мен сөйлеген сөздері айтылды. Қазақстан Елшісі Қазақстанның қазіргі өміріне қызығушылық білдірген аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Конференция шеңберінде қатысушылардың назарына қазақстандық қоғамның өмірінің түрлі аспектілері туралы фотокөрме ұсынылды, Қазақстан туралы ақпараттық-имидждік материалдар тапсырылды.

Конференция туралы ақпарат Елшіліктің, Хорватия Ислам орталығының сайтында және «Мембар» айлық журналында жарыққа шықты.

Хорватия, Босния/Герцеговина және Черногориядағы ҚР Елшілігі