Қазақ Мемлекеттігінің 550-жылдығы

pressRelease-29091525 қырқүйекте Елшілік Қазақ мемлекеттігінің 550-жылдығына арналған «Қазақ Мемлекеттігінің 550-жылдығы» атты дөңгелек үстел өткізді.

«Дөңгелек үстелге» Хорватия Конституциялық қеңесінің мүшесі Матэ Арлович, Қазақстан-Хорват парламентаралық ынтымақтастық тобының төрағасы депутат Иван Рачан, Хорватия Республикасы сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Хорватияның жоғары экономика және менеджмент мектебінің өкілдері, сондай-ақ Хорватияның Дара Хаммершольд атындағы дипломатия мен халықаралық қатынастар жоғары мектебінің басшылары мен профессорлары қатысты.

Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған конференцияға «Хорватия-Қазақстан» достастығының белсенділірі, Хорватияның шет елдерімен Координация комитетітің мүшелері, Хорватия Республикасы экономикалық палатасының өкілдері, Босниялық ұлттық мәдени орталығының белсенділері мен шетелдік дипломаттар қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Елшілік Еуразияның ішкі бөлігіндегі Қазақ мемлекетінің пайда болуы геосаяси, этникалық және әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің даму нәтижесі екеніндігіне ерекше мән бөлді.

Мысал ретінде «Қазақстан мемлекеті жоқтаң шыққан жоқ» деп айтылған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері келтіріліп, Қазақстан Республикасынынң жазушылар одағының мүшесі Мейірхан Ақдәулетұлының «Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі Қазақ халқына әлемдегі өзінің тарихи рөлін түсіну ушін аса маңызды» деген идеясы айқындалды.

«Дөңгелек үстел» шеңберінде Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған шаралар Астана мен Қазақстанның барлық аймақтарында республикалық және ұлттық дәрежеде өткізілетіні туралы жергілікті жұртшылыққа жеткізілді. Мерекелер елорда мен Қазақстанның 9 облыс орталықтары орын алып, бас шаралар Қазақ хандығының ордасының бірі болып саналатын Тараз қаласында өткізілетін болды.

Конференция барысында, еліміздегі мерекелік шараларға күә болған Хорватия Конституциялық Жоғары сотының мүшесі Матэ Арлович Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық мерекесіне жоғары баға беріп оның Қазақстандағы деген тарихи маңыздығы зор екендігін айтып өтті. Дара Хаммершольд атындағы Хорватия Республикасының дипломатия және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің профессоры Боско Пичула Қазақ хандығының 550 жылдығының тарихи ерекшілігін келтіре өтіп Қазақстан Республикасының XXI-ші ғасырдағы халықаралык аренадағы «қалыптасқан ел» ретінде айрықша рөл атқаратынын айтты.

«Дөңгелек үстел» барысында сарапшылар арасында Қазақстанның соңғы жылдардағы қол жеткізген жетістіктері туралы кең пікіралмасу өтіп, елшілік тарабынаң Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар жөніндегі слайд-шоу мен фотокөрмесі өткізілді.

ҚР Хорватия, Босния мен Герцеговина және Черногориядағы Елшілігі