Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы

pressRelease-2909201528-ші қыркүйек күні қазақстандық ұлтаралық келісім мен төземділік моделінің насихаттау шеңберінде Елшілік Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай халықаралық конференция ұйымдастырды.

Конференцияға Хорватия-Қазақстан парламентаралық ынтымақтастық тобының өкілдері, Хорватия Республикасының сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, «Хорватия-Қазақстан» достық қоғамының мүшелері, Хорватияның шет елдермен достастығының Координациясының мүшелері және Босниялық «Севда» ұлттық-мәдени орталығының басшысы Ферид Диздаревич қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Елшілік Қазақстаннның тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынаң бастап мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше ролін атап өтті. Сонымен бірге Қазақстан белсенді түрде этникалық және діни төзімділік, бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық саясаттын іске асыруда. Елбасымыздың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этноаралық қарым-қатынастардың жоғары төземді мәдениетін үйлестіруге қол жеткізді, ал әлем мойындаған Президентіміздің миссиясы Нобель халықаралық сыйлығының лауреаты болуына лайық деп аталып өтті.

«Дөңгелек үстел» шеңберінде Хорватия жұртшылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы ақпарат алып оның Қазақстан Республикасының ішкі саясатының маңызды құралы болып еліміздегі барлық этностық топтардың құрт мүдделерін біріктірушісіне айналды. Бүгінгі күні Ассамблея мүшелері Қазақстан Парламентінде барлық этникалық топтардың мұдделерін қорғау жұмысын атқарып жүр.

Хорватия-Қазақстан қарым-қатынастарын жетекшілік ететін Хорватия сыртқы істер министрлігінің өкілдірі Қазақстанда орын алған этноаралық пен діниаралық моделінің ерекшілігін атап өтіп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі көпұлттық пен келісімдік қогамның құрылуына деген үлесі даусыз екендігін ескертті.

Қазақстан-Хорватия парламентаралық ынтымақтастықты тобының өкілі, Хорватия парламентінің депутаты Милет Мулич өз сөзінде көпұлтты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жетістіктерге Қазақстан Республикасының басшылығы ұқыпты және есепті саясаты арқасында қол жеткізген.

«Дөңгелек үстел» барысында сарапшылар арасында Қазақстанның аймақтық және халықаралық рөлі туралы сараптамалық пікір алмасу болды. Конференция барысында Елшілік тарабынаң тақырыптық слайд-шоу мен ҚХА жұмысының 20 жылдығына арналған фотокөрме жәрия етілді.

ҚР Хорватия, Босния мен Герцеговина және Черногориядағы Елшілігі