ҚР Елшісі А.Е.Мусиннің Босния/Герцеговина және Черногорияда кездесулері

pressRelease-180915Босния/Герцеговина және Черногорияның ресми, іскер және қоғамдық топтарымен одан әрі екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚР Елшісі А.Е.Мусиннің кездесулері өтті.

Черногория Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі И.Лукшич пен одан басқа Черногорияның бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен және шетелдегі отандастарымыздың мәдени-іскерлік орталығымен кездесулер өтті.

Черногорияның сыртқы саяси басшылығымен шарт-құқық базасын кеңейту және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы мүмкіншіліктері туралы пікір алмасу болып өтті.

Подгорицаға сауда-экономикалық, қаржы, құқық, туристтік және энергетика саласындардағы екіжақты құжаттарға қол қоюға дайындықты жеделдету ұсынылды. Барлығы 12 келісімдер мен меморандумдар.

Бизнес-қоғамдастықпен кездесуім шеңберінде қазақстандық инвестициялық мүмкіншіліктер мен экономикалық әлеуетінің презентациясы өткізілді.

Энергетика мен туризм және тамақ өнеркәсібі салаларындағы бірнеше бірлескен жобаларды пысықтау туралы бітімге келді.

Босния мен Герцеговинада Президент Младен Иванич, Банья-Лука әкімі С.Гавранович (Сер-čбска Республикасының орталығы), Сыртқы сауда палатасының Президенті Н.Васич және босниялық кәсіпкерлермен кездесулер өтті.

Президент Младен Иваничпен кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктерді және экономикалық, қаржы, құқықтық, энергетикалық, ауыл шаруашлық және басқа саласындарда 14 екіжақты келісімдерді жедел дайындау қажеттілігі туралы талқыланды.

Босния мен Герцеговина Сыртқы сауда палатысының шеңберінде босниялық компанияларының өкілдерімен кездесу барысында Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы презентация өткізілді.

Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіншіліктері туралы тақырыптық талқылау өтті. Кездесу нәтіжесінде ағаш өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларындағы босниялық кәсіпкерлермен 5-6 бірлескен бизнес-жобаларды пысықтау туралы келісілді.

Сараевоға іс-сапар шеңберінде босниялық ғылыми қауымының қатысумен Елшілік ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің Дүниежүзілік күніне арналған өңірлік конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияның барысында Елші А.Е.Мусин Қазақстан үлесін және оның ядролық сынақтарға қарсы қозғалысының тарихи маңызын атап өтті.

Кездесу барысында хорват қауымдастығы МАГАТЭ Бас директоры Ю.Аманоның Астанаға сапары барысында Қазақстан мен МАГАТЭ арасында ХАБУБ құру туралы келісімге қол қойылуы туралы ақпараттандырылды. Сондай-ақ, жүзеге асырылатын жобының Елбасының бастамасы екені айтылды. Осы тұрғыда ядролық қаруды таратпау саласындағы көшбасшы ретіндегі Қазақстан үшін оқиғаның маңыздылығы атап өтілді.

Одан басқа конференцияның қатысушіларға «АТОМ» жобасының www.theatomproject.org сайтындағы «Ядролық қарусызданған дүние үшін» петициясына қол қою ұсынылды.

ҚРның Хорватия,Босния/Герцеговина и Черногоридағы Елшілігі