Қазақстан Республикасының Конституция күніне 20-жыл

pressRelease-040915

2015 ж. 31 тамызда ҚР Хорватиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Конституция күніне 20-жыл толуына орай «дөңгелек үстел» өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Хорватия Парламентінің депутаттары – қазақстан-хорват достастық тобының мүшелері, сыртқы саяси ведомство өкілдері, қазақстан-хорват достастық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында 20 жыл бұрын жаңа Конституцияның қабылдау жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуына негіз, егеменді Қазақстанның дамуына бастау бергені аталып өтті.

Хорват қауымдастығы Астанада 28 тамызда Конституция күнінің 20-жылдық мерейтойына орай «Ата заң: бірлік, тұрақтылық, гүлдену» атты ғылым-тәжірибелік конференция өткені туралы ақпарат алды.

Конференция жұмысына белгілі халықаралық ұйымдардың делегациялары, конституциялық бақылау органдары басшылары, сот, прокуратура және 28 елдің құқық қорғау ұйымдарының басшылары, белгілі шетел ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Мерейтойлық сөйленген сөзде мұндай ел үшін маңызды мерекеде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың келесі сөздері келтірілді: «біздің ел екі онжылдық ішінде Конституция тәртіптеріне сәйкес ұзақ жолды кешті».

Хорват қауымдастығы атынан қазақстан-хорват ынтымақтастық топ мүшесі және парламентариі азаматтық қоғамдастығы атынан азаматтық қоғам, демократия және Қазақстандағы заңның үстемділігін енгізу жолындағы қарқынды дамып жатқан үдерістерге жоғары баға берді. Хорват парламентариі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлттық жоспары» атты маңызды стратегиялық бастамасы Қазақстанның Негізгі Заңында жазылған кепілдер, құқықтар мен бостандықтың жалғасы болып табыладытын айтты.

Қазақстан-хорват қоғамдастығының өкілдері өздерінің сөйлеген сөздерінде Елбасының рөлін «Қазақстан Ата заңының кепілі» ретінде атап өтті.

Конференция барысында Елшілік қазіргі Қазақстанның жағдайы туралы фотокөрме, қатысушыларға кітаптар, журналдар және Қазақстанның іскерлік және инвестициялық ахуалы туралы брошюралар таратылды.

ҚР Хорватия, Босния/Герцеговина және Черногориядағы Елшілігі.