Астана күні мерекелеу

Астана күнін тойлауға байланысты Загреб қаласы мэриясының өкілдері және Хорватия парламентінің парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелері мен кездесу өтті.

Кездесу барысында Загреб қ. Мэриясы өкілдері жаңа бас қала – Астананың және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі туралы ақпараттандырылды. Астана ЕҚЫҰ Саммиті, АЭФ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, ЭКСПО-2017 секілді маңызды халықаралық көптеген ісшаралардың орталығы болғаны атап өтілді.

Өз тарапынан Загреб қ. Мэриясы Астана Әкімдігімен ынтымақтастық дамытуға және АЭФ және ЭКСПО-2017 халықаралық экономикалық ісшараларға қатысуға мүдделі болды.

Загреб қ. Мэриясы өзінің веб-сайтында Астана қаласының күнін тойлау туралы Елшіліктің дайындаған баспасөз-релизін орналастырды.

Кездесуге қатысушыларға Астана туралы ақпараттық материалдар, жаңа бас қаланың символикасы бар сувенирлер тапсырылды.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан-Хорватия бас қалалары арасында ынтымақтастықты дамыту және жалғастыруға келісілді.

Астана Күнін тойлау қарсаңында Елшілік Хорват достастық қоғамы және «Қазақстан-Хорватия» достық қоғамы мүшелерімен «Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының маңызы және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың оны қалыптастырудағы рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысында Елшілік хорват қоғамын Қазақстанның жаңа астанасының маңыздылығы, Астананың жетістігі және Елбасының рөлі туралы айтып берді.

Хорватия достық қаумдастығының Бас хатшысы А.Карафилипович жаңа астананың дамуы және Астанадағы орын алған халықаралық ісшаралар туралы ақпараттандырды.

Елшілік «дөнгелек үстел» барысында Астана бейнелерінің слайд-шоуы және ұлттық тағамдарының дәмін тату мен шай ішуді ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына Астана күніне орай тақырыптық көрме және тарату материалдары ұсынылды.

ҚР Хорватия, Босния/Герцеговина, Қаратаудағы Елшілігі

astanaDay-020715-04astanaDay-020715-03astanaDay-020715-02

astanaDay-020715-01