Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындыққа шақырамыз!

worldOfKymyzMuryndykҒалымдар қазақтар бағзы заманда алғашқы болып жабайы жылқыны қолға үйреткенін дәлелдеп отыр. Қазақтар жылқының адамзатқа мінсе көлік, ал жылқы шаруашылығының өнімдері кисе киім, жесе тағам, ішсе сусын бола алатынын көріп, сезіп білген. Олар жабайы жылқыны сұрыптап мінетін, жұмысқа жегетін, етті, сүтті және басқа да тұқымдарын іріктеп шығарған.

Жылқының терісінен, сүйегінен, қылынан және басқа да нәрселерінен неше түрлі заттар мен бұйымдар жасаған. Баяғыда заттың сапасы бармақты жоғары көтерумен бағаланғандықтан, сарапшылардан бармақпен 5 деген баға (5 бармақ) алып, «Бесбармақ» деп атау алған, қазақтың дүние жүзіне мәшһұр «Бесбармақ» атты әйгілі, көнеден келе жатқан, ұлттық тағамы жылқы етінен дайындалады.

Қазақтар бие сүтінен «Қымыз» атты сусын дайындауды ықылым заманда алғашқы боп ойлап тапқан. Қазақтың ұлттық рецептімен дайындалған Қымыз денсаулыққа пайдалы, көптеген аурулар мен сырқаттарға ем және шипа болатын, экологиялық таза және табиғи сусын.

Қазақстанның әр аймақтағы Қымыз өндірушілері жылына бір рет, мамырдың аяғы мен маусымның ортасы аралығында аймақтық мерекелік күндерді белгілеп халықтық бастама ретінде Қымыз мерекесін жәрмеңке және көрме түрінде өткізіп тұрған.

Мерекеге келіп, Қымыздың дәмін татқандар сусынды жарнамалап оған деген сұранысты арттырады деп пайымдаған. Сондықтан бұл мереке Қымыз өндіруге мұрындық болады деп есептеліп «Қымыз Мұрындық» деп аталған. Қазіргі кезде Қазақстанда Қымыз өндірісі қарыштап дамып келеді. Қазақстанда жыл сайын ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық «Қымыз Мұрындықтар» өткізіліп отырады. Осы «Қымыз Мұрындықтарды» шартты түрде «Бүкіл Қазақтық Қымыз Мұрындық» деп атауға болады.

Биыл «Заң» ЖШС азаматтық қоғам институты ретінде халықтық бастама түрінде «Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындық» мерекесін ұйымдастыруды алғашқы болып қолға алып отыр. Бұл мереке халықаралық шай немесе сыра фестивальдары сияқты болады және қазақтың ұлттық табиғи сусыныҚымызды жарнамалайтын әлемдік жәрмеңке және көрме түрінде өткізілетін болады.

«Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындық» мерекесі жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісіндеөткізілетін болады. Бұл мерекеге бүкіл жер-жиһаннан барлық ықыластылар шақырылады.

«Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындық» дүние жүзіндегі ең көне де заманауи шаһарлардың бірі Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының шетінде көне және қазіргі заманауи өркениеттер мен табиғат белдеулерінің қиылысқан жерінде өтетін болады.

«Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындық» өтетін жердің бір шетінде тарихы терең Тараз шаһары орналасқан, оңтүстігінде әсем Алатау асқақтап тұр, солтүстігінен қазақтың сайын даласы басталады, бір жағынан Талас өзені ағып жатыр.

«Заң» ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорын болып есептеледі және бұнда қазақ жылқысының жаңа сүтті тұқымы шығарылуда. «Заң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазақтың ұлттық рецептімен патенті, сертификаты, лицензиясы бар, консервантсыз, экологиялық таза Қымыз өндірістік негізде дайындалады. «Заң» ЖШС күшімен жыл сайын Қазақстанның облыс орталықтарында және ірі елді мекендерінде Халықаралық «Қымыз» форумы өткізіліп тұрады.

Халықаралық «Қымыз» форумы және «Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындық» Қазақстан Қымызөндірушілерінің жаһандану процессіне қосқан сүбелі үлесі болып саналады. «Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындық» технократтық бағыт алып отырған жаһандануға көп ұлттық адамзаттық сипат беретін Қазақстандық халықтық бастамалардың бірі!

Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындық өтетінін жариялаймыз!

Бүкіл Ғаламдық Қымыз Мұрындыққа шақырамыз!

Байланыс үшін
Телефондар:
8-702-899-17-00
8-701-515-06-00
8-701-515-09-00
E-mail:
Website: http://khankymyz.kz