«Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы жол – Келешекке жол» – Хорватия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

pressRelease-08042015

2015 жылы 8 сәуірде Загребте «Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы жол – Келешекке жол». Хорватия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері атты тақырыпқа «дөңгелек үстел» өткізілді.

Ісшараны Елшілік пен Даг Хаммаршольд атындағы Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі ұйымдастырды.

Конференцияда Хорватия Республикасының экс-президенттері Степан Месич және Иво Йосипович, экс-сыртқы істер министрі Будимир Лончар, СІМ, Білім және ғылым министрлігі, іскерлік, академиялық және қоғамдық орталар өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысында Елші А.Е.Мусин Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты алдағы жылдарда біздің экономикамыздың дамуы үшін мемлекеттің стратегиялық даму бағдарламасы болып табылатынына хорват қоғамын назар аударды. Ол Бағдарламаның негізгі бағыттарын және мақсаттарын сипаттады.

Өзінің баяндамасында А.Е.Мусин Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуы шеңберінде соңғы 5 жылда 750 кәсіпорын іске қосылғанын, 75 мың жұмыс орны ашылғанын түртіп өтті.

Қазақстандық дипөкілдік басшысы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы және Астананың қабылдаған шетел инвесторларын қолдау және қорғау туралы шаралары туралы жіті айтып берді.

Қазақстан Елшісі конференция қатысушыларын Хорватияның мемлекеттік органдары мен жеке компанияларымен мемлекетаралық қатынастарды жаңа деңгейге жеткізу бойынша Елшілікпен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын ақпараттандырды. Қол қойылуға экономика, қаржы, денсаулық сақтау, білім және құқық салаларында 12 құжат дайындалуда. Технология трансферті мен шетел инвестицияларын тарту мысалы ретінде 500 млн. еуро сомасындағы инвестициялық мүмкіндігі бар 22 хорват компанияларымен уағдаластыққа қол жеткізілгені туралы атап өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысы барысында Елші А.Е.Мусин мемлекетіміздің алдында тұрған қазіргі қауіптерге жауап ретінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған 5 институционалды реформалары туралы ақпарат берді.

Академик И.Шлаус өзінің сөзінде «Нұрлы жол – жаңа экономикалық саясатта» мемлекеттің барлық маңызды салаларын қамтитын Қазақстан Президентінің жүзеге асыруға қойған мақсаттарының өзектілігі таңқаларлық екенін атап өтті. «Нұрлы жолды» табысты іске асыру Қазақстан үшін экономикалық және әлеуметтік дамудың әлемдік жоғары стандарттарына жетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Дөңгелек үстел» отырысы барысында Қазақстанға жиі барған Хорватия экс-президенті С.Месич «Нұрлы жол» Қазақстанның үлкен даму перспективаларын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылатынын мәлімдеді. Ол хорват компаниялары қазақстандық бизнеспен белсенді ынтымақтасуға шақырды, себебі Қазақстанда еуразиялық аймақ үшін ірі жобалар іске асырылып жатқаны және әлі де қазақстан нарығы хорват тарапына ашық болғанша осындай мүмкіндікті пайдалану қажет екенін айтты.

Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысқан Хорватия экс-президенті И.Йосипович, елдің әрі қарай дамуын жоспарлау, әлемдік үдерістер мен аймақтық үрдістерді болжамдаудағы қазақстандық тәжірибе хорват меморгандары үшін бағалы болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол жоғары төзімділіктің үлгісі болып табылатын қазақстандық қоғамға жоғары баға берді.

Жалпы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатқа және оның асындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне арналған «Дөңгелек үстел» іскерлік және академиялық топтар, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері арасында қызығушылық танытып, пікір және байланыстармен айналысуға алып келді. «Дөңгелек үстелдің» отырысы «RTL» Хорват телеканалы арқылы жарияланды.

Хорватия, Босния/Герцеговина және Черногориядағы ҚР Елшілігі