Босния және Герцеговина Президенттігінің Төрағасына Қазақстан Республикасының Сенім грамоталарын тапсыру туралы

pressRelease-100220152015 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы және Черногориядағы Елшісі А.Мусин Босния және Герцеговина Президенттігінің Төрағасы Младен Иваничке Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Сенім грамоталарын тапсырды.

Босния және Герцеговина Президенттігінің Төрағасымен әңгімелесу барысында Қазақстан Елшісі Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы негізгі жетістіктер мен өзгерістер туралы хабарлады.

А.Мусин Босния және Герцеговина Президентінің назарын Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылға Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген Қазақстанның «Нұрлы жол – Путь в будущее» атты Жаңа экономикалық саясат – елдің бағдарламалық, стратегиялық құжатына ерекше аударды. Елбасының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық стратегиясын жүзеге асырудағы Қазақстанның алдында тұрған мақсаттардың маңыздылығы мен өзектілігі түртілді.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі қазақстан-босниялық қатынастардың өзара түсіністік пен сенім аясында дамып жатқанын айтты. Екі елдің маңызды халықаралық проблемаларға ұстанымдары жақын. Қазақстан Босния және Герцеговинаның еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығына және Астанада «ЭКСПО-2017» өткізуге қолдауын жоғары бағалайды.

А.Мусин босниялық тарапқа ЭКСПО-2017 өткізу барысында технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысуды ұсынды.

Қазақстан өкілдігінің басшысы екі елдің игілігі үшін келісім-шарт-құқықтық базаны дамыту және Қазақстан мен Босния және Герцеговинаның өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендету маңыздылығын түртіп өтті.

Босниялық Президенттігінің Төрағасы д-р М.Иванич Қазақстанның жетістіктерін қошеметтеп, Қазақстан мен Босния және Герцеговинаның арасындағы екі жақты қатынастардың достастық деңгейінде екенін атады. Сонымен бірге, экономикалық және басқа салалардағы қазақстан-босниялық қатынастардың жақсаруы үшін үлкен мүмкіндіктері бар екені түртілді.

Тараптар түрлі салалардағы өзара тиімді негіздегі екі жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделігін білдірді.

ҚР Хорватиядағы, Босния/Герцеговинадағы және Черногориядағы Елшілігі