Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты қабылдау туралы

proslavaDanaNeovisnosti-081214Желтоқстанның 8-ші күні Хорватиядағы Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты қабылдау өткізілді. Шараға Хорватияның саяси, іскерлік, қоғамдық, ғылым және мәдениет белсенділері мен жергілікті дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.

Өз құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аслан Мусин соңғы кездегі еліміздегі орын алған жетістіктерлер мен табыстарды көңіл бөлді. Қазақстан дипломаты «Нұрлы жол» атты – Қазақстанның жаңа экономиялық Стратегиясы 2015 жылдың Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес келетіндігін және осы стратегияның жүзеге асыруының маңыздығын айқындады.

Қазақстан мен Хорватияның арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіншіліктеріне назар аудара отырып Қазақстанның Елшісі 2014 жыл екі ел арасында мерейтойлы жыл екендігін және Қазақстан мен Хорватия арасындағы қатынастардың жаңа дәуірінің басталуын атап өтті.

Қабылдау кезінде Хорватияның бір қатар қоғам қайраткерлері екі ел арасындағы байланыстарының дамуына қомақты үлес қосқаны үшін марапатқа ие болды.

Алғыс сөзінде Хорватия әріптестері Қазақстанның экономикалық өркендеуіне ерекше тоқтап еліміздің көптеген сыртқы саяси бастамаларын толық қолдайтындарын атап өтті. Олар еліміздің тұрақты гүлденуіне мол сенім білдіре отырып Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Хорватияға ресми сапары келесі 2015 жылда күтулуде екендігін жеткізді.

Мерекелі кеште жиналған қауымға Қазақстан туралы деректі фильмдер мен Елбасының 2015 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының Хорват тіліндегі кітапшасы таратылды. Сонымен бірге Қазақстанның шетел инвестицияларға жасалған тартылымдылығы туралы насихаттау жұмысы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік шараларға қатысқан еліміздің бір топ артистері мен әншілері Хорват жұртшылығын Қазақстанның бай ұлттық мәдениетімен таныстырып өтті.

Қазақстан Республикасының
Хорватия Республикасындағы Елшілігі