Қазақстан Елшісі Аслан Мусин Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

aslanMusin-credentials-1911142014 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Елшісі А.Мусин Черногориядағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елші ретінде сенім грамоталарын тапсырды.

Тапсыру рәсімінен кейін жаңа тағайындалған дипломат Черногория Президенті Филип Вуяновичпен екі жақты ынтымақтастық пен көпжақты әрекеттесудің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Елші А.Мусин ағымдағы жылы 11 қарашада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдаған «Нұрлы Жол» атты мемлекеттік жаңа экономикалық стратегия туралы айтып берді.

Черногория Президенті Ф.Вуянович Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы тілектерін жолдап, қазақстандық елшіге табыстар тіледі.

Одан кейін Елші А.Мусин сыртқы саяси ведомство басшылығымен кездесіп, екі жақты келісімдер базасын дамыту тақырыбын, сондай-ақ Черногория Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрі Игор Лукшичтің келесі жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы талқылады.

Сонымен қатар, Черногория Туризм және даму министрлігі мен Шаруашылық палатасының басшыларымен кездесу өтіп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

ҚР Хорватиядағы Елшілігінің Баспасөз-хатшылығы