Хорватияның астанасында Қазақстан – Хорватия достық қоғамыны ашылды

2014 жылғы 9 қазанда Загребтің «Палача Дверце» тарихи ғимаратында «Қазақстан-Хорватия» Достастық қоғамы ашылды. Ашылу салтанатында 80 адамнан астам, оның ішінде ғалымдар, белгілі саяси және қоғамдық қайраткерлер, мемлекеттік, БАҚ және бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шара ұйымдастырушыларының бірі ретінде Хорватияның шетелдермен достастық қоғамдарының Үйлестіруші кеңесінің төрағасы Андрия Карафилипович Қазақстан мен Хорватия 1992 жылғы қазанда дипломатиялық қатынастардың орнатылуынан бастап сенімді серіктестер болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшісі Аслан Мусин қазақстан-хорват қатынастарының ахуалы мен перспективалары туралы баяндап беріп, біздің елдеріміздің арасында Достастық қоғамы күнтәртіпті жаңа идеялармен толтыруға, азаматтар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға маңызды рөл атқаратынын айтты.

ҚР Елшісі Достастық қоғамының алдында мәдени және білім ынтымақтастығын ілгерілету, түрлі форумдар, көрмелер, ағартушылық іс-шаралар, сондай-ақ екі елдің экономикаларына өзара инвестициялар тарту мақсаттарын қойды. Бұл жұмыстарды 2014 жылы 28-29 тамызда Хорватия Премьер-министрінің бірінші орынбасары, сыртқы істер министрі Весна Пусичтің Қазақстанға сапараның қарсаңында қарқындату қажет, деп атады А.Мусин.

Хорватияның экс-Президенті Степан Месич, Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы табысты дамуы туралы оң пікір айтып, құрылып отырған Достастық қоғамы біздің халықтарымыздың арасындағы қатынастарды нығайтудағы зор маңызына көңіл аударды.

Достастық қоғамының құрамына А.Карафилипович, бұрынғы экономика министрі және Загреб қ. Мэрінің кеңесшісі Давор Штерн, белгілі кинорежиссер және продюсер Игорь Призмич, ғалым-физик және академик Иво Шлаус, саясаткер Младен Вильфан, Хорватиядағы ҚР Құрметті консулдары Живан Левай және Марио Кнего және т.б. белгілі қайраткерлер енді.

Достастық қоғамының Төрағасы болып бірауыздан Д.Штерн, Құрметті төраға – экс-Президент С.Месич сайланды. Сондай-ақ, төрағаның орынбасарлары ретінде белгілі спорт медицинасының докторы Г.Хаймер және «Филан Артес ЛТД» консалтинг агенттігінің директоры Н.Оштариаш, бас хатшы Бранимир Видмарович тағайындалды.