Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі А.Мусин Хорватия Президенті Иво Йосиповичке сенім грамоталарын тапсырды

IvoJosipovic-AslanMussin2014 жылы 4 сәуірде Загребте ҚР Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аслан Мусин Хорватия Президенті Иво Йосиповичке сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейін мазмұнды сұхбат өтіп, Хорватия Президенті И.Йосипович екі елдің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

ҚР Елшісі А.Мусин Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиялық дамуын және Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қазақстан-хорват байланыстарының үлкен әлеуетін атап өтті.

Жалпы, тараптар қазақстан-хорват ынтымақтастығының түрлі бағыттары бойынша екіжақты қатынастарды белсендетудің қажеттілігі туралы пікір алмасты.

ҚР Хорватиядағы Елшілігінің Баспасөз-хатшылығы